Анастасия Эдуардовна Проскурякова
Журналист, медиа-тренер. 2021 жылы Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика мамандығы бойынша бакалавриатын бітірген. Мамандығы бойынша 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Қызмет орындарының ішінде: ақпарат агенттігі, «Выбирай. Қарағанды», Enjoy.kz event-компаниясы, Internews.kz ұйымының жобалары бар.
Қалыптасқан дағдылары:
-Үйлестіру;
-Клиенттермен және өнерпаздар мен артистермен жұмыс істеу;
-Медиа тобында жұмыс істеу;
-Сайттарды модерациялау және басқару;
-Әлеуметтік желілердегі ақпараттық серіктестермен өзара іс-қимыл;
-Әлеуметтік медиа жарнамасы;
-Кез-келген жанрдағы мәтіндерді жазу;
-Ақпаратты өңдеу;
Компьютерде Microsoft Office, Power Point, Exel, Adobe Photoshop, Canva программаларында сенімді түрде жұмыс істейді.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін SММ-маманы, білім беру жобаларында менеджер болып жұмыс істейді, оның ішінде Қарағанды облысындағы медиа сауат үйі, Mediaproduction CAMP бар.
Орыс тілі – ана тілі, ағылшын тілі-орта деңгейден жоғары, қазақ тілін орта деңгейде біледі.
Бос уақытында музыкамен, гитарада ойнаумен, өлең жазумен және кітап оқумен айналысады.